Жаңалықтар
А.ж. қаңтар айында Астана қаласында болған Төралқа мәжілісінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің 2023 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында Діни басқарманың 2023 жылы басымдылық беретін 5 бағытының бірі Діни оқу-ағарту бағытын бекіткен жоспар бойынша медресе-колледж студенттеріне «Көркем мәміле», «Конфликтология» атты тәрбие сабақтарын өткізу тапсырылған болатын. Осы тапсырма бойынша 2023 жылы наурыз айының 7-сі күнінде «Орал медресе-колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі оынбасары мен колледж ұстазы Бектьяров Б.С. тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Тәрбие сағатында «Көркем мәміле», «Конфликтология» жайлы түсініктеме берді. Ноутбук, проекторлар қолданылды. Студенттерге осы тақырыпқа сай видео-ролик көрсетілді. Асыл дініміздегі ахлақ әдептері түсіндірілді.
Халал даму директоры Айбек Аташев. Батыс Қазақстан Облысы бас имамы Самат Қанатқалиұлы және медресе директоры Искалиев Талғат Муратұлы қатысуымен халал шариғат талабы атты медресе шәкірттерімен кездесті
ЖОО мен колледждер арасында Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау негізінде, облыстық деңгейде "Қазақ күресінен" командалық жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. Күш атасын танымас дегендей, палуандар өз деңгейінде боз кілемде өнер көрсетті. Алла қолдап Орал медресе колледжі "1 орын" иеленіп, бір қуантты. Алдағы уақыттада студенттерімізге тек жеңіс пен сәттілік тілейміз.
2022 жылдың 26-28 қазан аралығында Орал медресе колледжінде жоспарға сай студенттердің пәндік білімдерін терендету, оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды айқындау мақсатында араб тілі, фиқһ пәндерінен колледжішілік олимпиада және құраннан жарыс оздырылды. Олимпиада 2 турдан тұрды. 1-турда фиқһ және араб тілі пәндеррінен тест тапсырмасы берілсе, 2-турда әңгімелесу және мәтінмен жұмыс болды. Олимпиада және құран жарысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушы шәкірттер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім іздеген бауырым, бойыңда білімге деген енжарлық пайда болғанын байқасаң, бұрынғы өткен ғұламалардың еңбектері мен жасаған істерінен ғибрат ал.
Құтайба әл-Халиди бір сөзінде: <<Ибн Хажар секілді ғалымдардың орасан зор іс бітіргеніне таң қалған біреулер <<олар асқан ғұлама адамдар болатын, Аллаһ оларға осындай болуды нәсіп еткен>> деуі мүмкін. Әлбетте, олардың айтқанын жоққа шығару ойымызда жоқ. Бірақ, харекетсіз жатқан адамның ойға алған ісі өзінен-өзі біте салмайтындығын ескерген жөн. Біреудің жетегінде жүріп ғұмырыңды еш еткенше, өзің харекет жасап, бақ-талайыңа жазылғанды көр.
Иә, бізден бұрыңғы ұрпақ уақыт қадірін білгендіктен оны білім жиюға арнап, қас қағым сәтін де бекерге жібермеген. Тіпті олар біраз уақыттарының ауқаттануға келетініне өкінеді екен.
Ибн Ақыл: <<Тамаққа көп уақыт кетпес үшін, мұқият шайнап жұтуды керек ететін нанның орнына оның тіске жұмсақ арнайы түрін жеп, сумен итеремін. Осының арқасында пайдаға жарарлық нәрселерді оқу мен әлі үлгірмегенімді қағазға түртіп алу үшін біраз уақыт үнемдеймін>>, - деген екен.
Тағы бір сөзінде "Қас-қағым сәтім де бекерге өткен емес. (Шаршағаннан) тілім - дәріс оқу мен пікір алмасуға, көзім - кітап оқуға әлі жетпей жатса, дамылдап жатып-ақ ой қортуға тырысамын. Содан орнымнан тұрған сәтте жаңағының барлығы оп-оңай қағаз бетіне тізіле қалады. Сексен жасымда, баяғы жиырма жасымдағыдан да артық білімге ынтызар болғанымды сеземін",- депті.
📕Имам Аузағи: «Егер Алла тағала әлдебір құлын білім игілігін көруден мақұрым етуді қаласа, құйтұрқы сұрақтарды қоюды үйретеді. (яғни ол адам сондай сұрақтарды қоюға дағдыланады).»
📗Әл-Хасан: «Алла тағаланың пенделерін ыңғайсыз жағадайға қалдыру үшін, әдейі ыңғайсыз сұрақтар қойатын адам – Алла тағала құлдарының ішіндегі ең жаманы.»
📘Білім іздеуші, өзіңе қажетті әрі пайдасы бар нәрсені сұра. Өзіңді білгір көрсету немесе біреуге тиісу үшін яки ерегес үшін сұрақ қою дұрыс емес.
📙« Білгеніңді емес, білмегеніңді сұра. Білгеніңді сұрау ақылыңның кемдігін аян ететін әрі алтын уақытыңды босқа өлтіретін, саған да, өзгеге де пайда бермейтін іс. “Сөз қуған бәлеге жолығады” демекші, бос сөзге әуестік жақсы қасиет емес. Сондықтан, мұндайдан аулақ бол.
Егер де, сұраған адамның жеткілікті түрде жауап берсе, соны қанағат тұт. Ал егер, оның берген жауабы мардымсыз көрінсе яки толық түсінбесең оған : “Ұққаным жоқ” деп айтып, мұқият тұрде түсіндіріп беруін өтін. Егер де, тәптіштеп түсіндіргісі келмесе немесе алдынғы айтқанын қайталап, оған ешнәрсе қоспаса, осымен шектелгенің жөн. Өйткені, бұлай қазбалап сұрағаннан еш пайда жоқ. Қайта, ол адам саған ыза болып, сені жек көріп кетуі мүмкін. Және де өзің іздеген жауапты одан ала алмайсың”. (әл-Ахлақ уас – сийар 97-98)
Жаңадан оқуға қабылданған студенттер мен жоғары курс студенттерін таныстыру мақсатында өткізілген демалысында дастархан жайылып,
футбол, садақ ату, арқан тартысу секілді ойындар ойнатылды. Дастарқан басында Мысыр елінен келген Мұхаммед сайд ұстазымыздың " Білім алудың артықшылығы" тақырыбында шәкірттерге насихатын айтты.