Жаңалықтар

Орал» медресе-колледжінде кезекті оқу жылы өз мәресіне жетіп, болашақ исламтанушылар қорытынды аттестациядан өтті. Шәкірттер билет және қосымша ауызша сұрақ-жауап форматында емтихан тапсырып, білім деңгейлерін сынға салды.

Емтихан комиссиясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов төрағалық етті. Сондай-ақ комиссия құрамында «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев пен медресе-колледждің ұстазы Махмед Серік болды.

Шараның басында «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы комиссия мүшелерін таныстырып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Ол бұл емтиханның діни білім жолындағы маңызды белес екенін атап өтіп, түлектерге ілімдеріне береке тіледі.

Комиссия төрағасы Хасан Аманқұлов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, білім алушыларға ақ жол тіледі.

Айта кетейік, биыл медресе-колледжді 11 түлек тәмамдады. Олардың біреуі – үздік диплом иегері.

 

Белгілі ұстазымыз Рант мүшесі Медет Құрсақов медресе шәкірттерімен кездесті.
Кездесу барысында ұстаз шәкірттерге діни білімнің маңыздылығы, тақуалық, уақытты тиімді пайдалану, ата-ана мен ұстазға құрмет көрсету, және имамдық жолдағы жауапкершілік туралы құнды кеңестер мен тәлім-тәрбиеге толы ойлар айтты. Сонымен қатар, шәкірттер сұрақтар қойып, ұстаздан рухани бағыт-бағдар алды.

Әлемдегі мазһабтар тарихы — ислам қоғамының көптүрлілігін көрсететін маңызды аспект. Ислам діні ішінде қалыптасқан әртүрлі мазһабтар мұсылмандардың діни және құқықтық өмірін реттейтін негізгі бағыттар болып табылады. Бұл мазһабтар исламның бай мұрасын және мәдениетін жалғастыруда маңызды рөл атқарады.

Жакенов Қанат ұстазымыз

Әлемдегі мазһабтар тарихы жөнінде ашық сабақ өткізді

«Жас маман — ауылға қадам, бас маман» — бұл жас маманның табысты жолының формуласы. 

Ауылдан басталған еңбек жолы — үлкен өмірге есік ашатын мүмкіндік. 

Бүгінгі қадам — ертеңгі жетістік. 

Бүгінгі жас маман — болашақтың басшысы!

Осыған орай БҚО Бас имамы Самат Қанатқалиұлы бітіруші түлектермен кездесіп алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп өз тәжіребесімен бөлісті

«Ер есімі — ел есінде» дегеніміз — ұлт жадындағы ұлы рухты сақтау, оны жас ұрпаққа аманат ету. Бұл — тәуелсіздігіміздің іргесін бекітіп, елдігімізді нығайтатын асыл құндылықтардың бірі.

Абджаппаров Махмуд ұстазымыз 1- ші курс шәкірттеріне Ер есімі-ел есінде атты ашық сабақ өткізді

 

"Ұлы Жеңіс — ұрпақ есінде" деген тіркес — тек сөз емес, бұл бірнеше ұрпақтың жүрегінде жатталған, ұлт тарихында мәңгілік орын алған қаһармандықтың, қайсарлықтың және отансүйгіштіктің символы.

Ұлы Жеңіс — бұл тек тарихи дата емес, ол халықтың ұмытылмас жадында сақталатын рух пен намыстың, бірлік пен бауырмалдықтың көрінісі. Ұрпақтар оны есте сақтап, қадырлейтін болса — елдің іргесі мықты, болашағы жарқын болады.

Бақытжан ұстазымыз

Медресе шәкірттеріне тәрбре сағатын өткізді

Отан қорғаушыларды еске алу — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік пен адалдық қасиеттерін тәрбиелеудің жолы. 

Тарих пәні ұстазы Ташай Қайса ұстазымыз Соғыс ардагерлерін еске алу тақырыбында ашық сабақ өтті