Батыс Қазақстан облысы «Орал медресе колледжі»
«Орал медресе колледжі» жеке мекемесі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22-үйде орналасқан. 2008 жылы ашылған.
Тіркеу органы: Орал қалалық Әділет басқармасы. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, 2017 жылы 17 сәуір, БСН 090440006564
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 31.12.2020 ж, № KZ89LAA00019454
Оқу корпусы 2 қабаттан және цоколмен қатар қызметтік құрылыстардан тұрады, құрылыс ауданы 308,5 ш.м2., жалпы алаңы 747,1 ш.м2. Бірінші қабатта – әкімшілік және оқытушылар бөлмесі, медициналық пункт, есепші бөлмесі, асхана, аспазхана, санитарлық торап, себезгі кабиналар, екінші қабатта – оқу аудиториялары, жатын бөлмелер орналасқан. Цоколда киім шешетін бөлме (гардероб), қойма, мәжіліс залы, кітапхана, компьютер сыныбы.
Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған.
- медициналық пункт – 13,3 м2;
- асхана 50 орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы 38,2 м2;
- арнайы пәндер кабинеті 49,7 м2
- кітапхана жалпы ауданы 31,6 м2 , кітап қорының саны 6249 дана;
- гуманитарлық пәнер кабинеті 32,8 м2
- компьютер сыныбы– 40,5 м2 , колледж медреседе барлығы 8 компьютер, оның 6 бірлігі компьютер сыныбында және олардың барлығы интернет желісіне қосылған
- әкімшілік және оқытушылар бөлмесі бар 36,3 м2
- Оқу ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан жатын бөлме саны- 3, жатын орнының саны - 60,
- жалпы ауданы- 86,7 м2.
- спорттық тренажер бөлмесі - 22,0 м2
- демалыс бөлмесі - 20,8 м2
- Медресенің жанында орналасқан «Тәжиден Батырұлы»
мешітінде студенттер оқу-өндірістік тәжірибеден өтеді.
Медресе ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылған, оқу ғимараты мен құрылымдардың жылыту жүйесі – орталықтандырылған газ, санитарлық торап барлығы 6,2 м2 - 5 кабина; себезгі кабиналары барлығы 4,0 м2 - 4 кабина; кір жуатын бөлме дәретханамен бірге 24,9 м2 ; киім ілетін орын 1 жеке бөлме барлығы – 31,1 м2
Оқытушылар құрамы
Медреседегі жалпы қызметкерлер саны 16, ұстаздар саны 12. Жалпы кәсіптік пәндер бойынша 6 ұстаз тұрақты түрде сабақ берсе, 6 ұстаз сағаттық жүйе бойынша сабақ береді. Барлығының білімдері жоғары, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.
Штатта 5 жоғары білімді, 2 магистр, 5 бакалавр, 1 филология ғылымдарының кандидаты және олардың ішінде 1 аға оқытушы, 1 ұстазда педагог-зеттеуші, 2 ұстазда педагог-эксперт квалификациялық категориялары бар. Жыл сайын ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылатын семинарларға, курстарға ұстаздарымыз қатысып келеді. Атап айтатын болсақ, Түркияға 3 ұстаз барып оқып келді, Алматы қаласында екі жылдан бері «ИСЕСКО» ұйымының араб тілі бойынша ұйымдастырған тренинг-семинарына 2 ұстазымыз қатысты.
Шәкірттер контингенті
ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесі діни бірлестігі 2008 жылдың 23 қыркүйегінде ашылып, толық қызметке кірісті. Медресе Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына қажетті дін мамандарын даярлайтындықтан 2008 жылдың 24 қыркүйегі күні аталған үш облыстан алғашқы 24 шәкірт қабылданды.
2011-2021 оқу жылдары аралығында 110 шәкірт бітіріп шыққан, 27 ұздік диплом алған, олардың 84 тұрақты түрде жұмысқа орналасқан, тоғыз шәкірт Нұр-Мүбарак университетінде оқуын жалғастырып, олардың 9-і бітіріп келіп Орал қаласында еңбекке араласуда, қарилық орталықта екі шәкіртіміз оқып жатыр, 15 шәкірт басқа салаларда жұмыс істейді
Жыл сайын біздің медресеге 20-30 аралығында шәкірт қабылданады.
2021-2022 оқу жылы 25 балаға мемлекет тарапынан грант бөлінді. Жаңа ққу жылы 56 шәкіртпен бастадық.
І курста - 25, ІІ курста - 13, ІІІ курста - 18 шәкірт.
Оқу барысы кезінде тұрлі жағдайлар мен және жанұя жағдайына байланысты 5 бала оқудан шығып кетті.
2021-2022 оқу жылындағы оқу әдістемелік жұмыстар
Шәкірттер оқу үрдісі барысында түрлі іс-шараларға, мәдени-рухани кештерге, пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға тұрақты қатысып тұрады.
Медресе шәкірттері қыркүйек айында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны, артынан тлдер күні аталып өтті.
Қазан айында І-ІІ курс шәкірттері арасында «Фиқһ» пәнінен жарыс сабақ ұйымдастырылған болса, қараша айында «Араб тілін меңгер!» тақырыбында араб тілі бойынша І-ІІІ курстар арасында медресеішілік сайыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған шәкірттерге арнаулы мадақтамалар мен түрлі сый-сияпаттар табысталып, үздік шәкірттер ынталандырылды.
Медресе жанында спорт зал болмағандықтан, шәкірттер дене шынықтыру сабақтары мен спорттық шараларды қалалық «П.Атоян» атындағы спорт кешені мен «Арман» денешынықтыру және сауықтыру залдарында өткізіп жүр. Бұл үшін спорт кешендерімен арнайы келісімшарт жасалған.
Өндірістік практика
Медресе шәкірттері өндірістік практикадан облыс орталығында орналасқан Облыстық «орталық мешіт» пен «Тәжиден Батырұлы» атындағы Орал қалалық мешіті және «Мухаммед-Ғариф Тулбаев» атындағы қалалық мешіттен өтеді. Бұдан бөлек, облысқа қарасты 12 ауданның орталығында орналасқан аудандық және өңірдегі барлық дерлік ауылдық мешіттерден машықтан өтіп, имамдыққа машықтанып, білім-біліктері мен шеберліктерін шыңдайды.
Тәрбие жұмысы
Медресе қабырғасында шәкірттерге кемел біліммен қоса терең тәлім-тәрбие берілетіні белгілі. Тәрбие жұмыстарына келер болсақ, білімгерлер оқу ішіндегі тәрбиелік шаралармен қоса медреседен тыс ұйымдастырылатын қалалық, облыстық тәрбие шараларына де белсене атсалысады.
Оқу орны шәкірттері бос уақыттарында Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрына, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Рухани жаңғыру» музейіне, М.Маметова, С.Ғұмаров, Е.Пугачев, А.Пушкин мұражайларына барып, өңірде өткен тарихи тұлғаларымен олардың өнегелі өмір жолдарымен терең танысады. Сонымен қоса, «Саят» этно-мәдени кешені сынды ұлттық құндылықтарды насихаттайтын демалыс орындарына да тұрақты барып тұрады.
ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР, КЕЗДЕСУЛЕР
Медресе студенттері қоғамдық іс-шаралардың да бел ортасынан табылып, белсенді атсалысып жүр.
«РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты облыстық имамдар форумына медресе шәкірттері толық жұмылдырылып, ата дініміздің аймағымызда дамуы бағытындағы жұмыстар жете ұғындырылды.
Сонымен қоса, «Ысырапшылдықтан сақтан!», «Жемқорлық-жегі құрт» т.б тақырыптағы қазіргі қоғамдағы өте өзекті мәселелерді сөз еткен зиялы қауым мен имамдардың кездесулеріне де біздің шәкірттер шақырылып, бүгінгі күннің түйіткілді мәселелерін талқылауға куә болды.
Мешіт шаңырағында, медресе қабырғасында білікті дін өкілдерімен (мысалы, білікті имам-ұстаз А.С.Құсайынов, Ризабек Батталұлы, Қ.Әліпбайұлы, Ғазиз Ахметов және белгілі спортшылар) түрлі кездесулер өтіп, шәкірттер көкейлеріндегі сауалдарға тұшымды жауап алды.
Орал медресесі басқа медреселер сияқты демеушілердің көмегімен жұмыс жасап жатқандығы өздеріңізге мәлім.
Дегенмен:
2019-2020 оқу жылына жалпы гуманитарлық пәндерге 312 сағат жоспарланды, оның ішінде күндізгі бөлімде – 4751,75 сағат, кешкі бөлімде – 2691,8 сағат, сырттай бөлімде – 231 сағат. Дәрістер бірінші жартыжылдық бойынша – 1790 сағат, практикалық сағаттар – 2983 сағат, СОӨЖ – 1657 сағат.
Орал медресе колледжі 2020 - 2021 оқу жылын 12 (он екі) олардың 6 (алты) ұстаз тұрақты жұмыс істеп отырғандар, 6 (алты) ұстаз косымша (совместитель) жұмыс істейтін ұстаздармен аяқтады.
2020-21 оқу жылында медресені 9 (тоғыз) шәкірт аяқтады.
2021-22 оқу жылына бұгінгі таңда 18 (он сегіз) талапкер құжат тапсырды.