2022 жылғы түлектер 3 жылдық білімдерін қортындылады. Бүгін 3 курс студенттері үшін маңызды күн. Мемлекеттік емтиханды тапсырып, үлкен қадамға жол ашпақшы. Студенттердің білімін тексеруге келген ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Ақтөбе медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы Ильясов Бекжан, Орал облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы комиссия мүшелігінде болды. Емтихан барысында болашақ имамдарға қосымша сұрақтар бойынша қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің дін тұрғысынан қалай орындалатындығы мен шешімдеріне жауап берілді. Емтихан барысында Сәрсенғалиев Мақсат пен Гасанов Зубайр комиссия мүшелеріне араб тілінде жауап беріп, таң қалдырды.
2019-2022 жж. аралығында оқып бітірген медресе түлектері, бітіру кешін ұйымдастырып, ұстаздарға шапан жапты. Түлектердің ұйымдастырумен 3 жыл сынып жетекшісі болған Бақытжан ұстазға умраға жолдама алып берсе, медресе директорының ұйымдастырумен Бахрам және Мақсот ұстаздарға да умраға жолдама берілді. Бітіруші түлектерге алдағы қызметтерінде сәттілік тілейміз!