Бейнебаяндар

 

بسم الله الرحمن الرحيم
Тарихи тамыры тым терең “Орал медресе колледжі”. Бізге биыл 127 жыл десем сеңесізбе. Иә Орал медресе колледжі күні кеше құрылған оқу орны емес бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сөзімізді дәлелдей кетейік. Әбдісаттар қажы Дербісәлі “Қазақстан мешіттері мен медреселері” атты еңбегінде 1897 жылы Орал мешіті салынған кезде медресені бірге салғандығын баяндайды. Кейін суық саясаттың ызғары талай рухани орталықтарға жасалған зардаптары Орал мешіт-медреселерін айналып өтпеді. Мешіт-медресесі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып, ғимараттар басқа мақсаттарға қолданылды. 1944 жылы ғимарат халыққа қайтарылып, 2002 жылы күрделі жөңдеу жұмыстарын жасап, медресе ғимараты сауат ашу курсына арналған ғимарат болды.
Бүгінгі таңда ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбековтың бастамасымен, жергілікті азаматтар медресе ғимаратын жаңдандырып, 2008 жылы “Орал медресесі” болып қайта өз жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта қайта жаңғырған 15 жылдың ішінде 200-ге жуық мамандар дайындап шығарып, еліміз әр төңірегінде мешіт-медреселерде қызмет етуде.
Ал бүгінде медреседе 60 қа жуық шәкірт тәлім алуда. Дәстүрі мен дінің сақтай білген бұл медреседе тек шариғатты ғана емес тарихи және спорттық іс-шараларда өтіп тұрады. Жеңімпаздарға сыйлықтар бағалы сыйлықтар беріледі Ілім талапкерлеріне Білім және ғылым министрлігінен 30 000 теңге шәкіртақымен қамтамасыз етсе, үздік шәкірттерге ҚМДБ атынан 20 000 теңге ай сайынғы қолдау сыйақысы беріледі. Шәкірттерге арнайы жатаханалармен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге үш мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оқу бітірген жас мамандар толық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Білім жетілдірем деген талапкерлерге ұстаздар тарапынан кеңестер беріледі.
Сонымен қатар әр мекеменің негізгі қазынасы болып табылатындар, ол әрине білікті мамандар. Ұстаздардын барлығы отандық және шетелдік жоғарғы оқу-орындарын тәмәдаған.
Кезінде Алаш азаматтарын шығарған осындай медреселерден әлі талай ел ерлері шығары сөзсіз