Орал» медресе-колледжінде кезекті оқу жылы өз мәресіне жетіп, болашақ исламтанушылар қорытынды аттестациядан өтті. Шәкірттер билет және қосымша ауызша сұрақ-жауап форматында емтихан тапсырып, білім деңгейлерін сынға салды.

Емтихан комиссиясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов төрағалық етті. Сондай-ақ комиссия құрамында «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев пен медресе-колледждің ұстазы Махмед Серік болды.

Шараның басында «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы комиссия мүшелерін таныстырып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Ол бұл емтиханның діни білім жолындағы маңызды белес екенін атап өтіп, түлектерге ілімдеріне береке тіледі.

Комиссия төрағасы Хасан Аманқұлов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, білім алушыларға ақ жол тіледі.

Айта кетейік, биыл медресе-колледжді 11 түлек тәмамдады. Олардың біреуі – үздік диплом иегері.