Барлық мақтау жоқтан бар еткен Аллаһ Тағалаға, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Уақыт өміріміздін баға жетпес байлықтарының бірі. Халық арасында “қайта оралмайтын үш нәрсе бар:уақыт,сөз,мүмкіндік” деген сөз кеңінен таралған. Хазіреті Омар (р.а.): «Төрт нәрсе кері қайтарылмайды: атылған оқ, жұмсалған ақша, қолға түскен мүмкіндік және өткен уақыт». Аллаһ Тағала уақытпен серт беруінің өзі жай емес. Фахруддин Рази есімді ғалым “Асыр” сүресін былай тәпсірлейді: «Уақытты пайдалану тұрғысынан адам зиянға ұшырайды. Бұл зияннан құтыла алмайды. Ал, зиянға ұшырау деген сөз – жемісінен айырылу. Адамның жемісі – оның өмірі. Ал, өмірін босқа өткізбеген сәті тым аз. Өмірдің әрбір секунды оның ғұмырын азайтады. Егер адам өмірін күнәлармен өткізсе, үлкен зиянға ұшырайды. Ал, жақсы да ізгі амал жасау мүмкіндігі бола тұра, мүбах амалмен шектелсе, онда да зиянға ұшырайды». Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт». Дана халқымыз судын да сұрауы бар дегендей уақыт атты нығметтін сұрауы да болады. Махшар алаңында әрбір адамның амал дәптері өздеріне таратылған соң, Алла Тағала пенделерінен жеке-жеке есеп алады. Хазіреті Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатынын айтады:

  1. Өмірін қайда өткізгендігі.
  2. Жастық шағын қалай өткізгендігі.
  3. Мал-дүниесін қандай жолмен тапқандығы.
  4. Мал-дүниесін қалай жұмсағандығы.
  5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі.

Уақытты тиімді пайдалана білу үшін оның маңыздылығын ұғыну керек. Адам деген сөздін мағынасын білдіретін нәәс (ناس) сөзі ұмытушы деген сөзді де білдіреді. Себебі біз нығметтердін Аллаһтан екенің ұмытқан сәттен бастап, қадірін құртып, мәнің жоғалтамыз. Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт».

Уақытты тиімді пайдалану үшін төмендегідей нәрселерге баса назар аударған жөн.

Өлімді жиі еске алу

Дүние нығметін сұрасаң Исламнан артық нығмет жоқ. Шұғылданатын іс сұрасаң, ғибадаттан артық амал жоқ. Ғибрат боларлық нәрсе сұрасаң өлімнен асқан ғибрат жоқ.

Әли (Оған Алла разы болсын)

Көптеген жіберетін қателігіміз біз үшін уақыт шектеуі жоқ нығметтей көрінеді. Расында уақыттында таусылатының және одан сұралатынымызды ұмытпауымыз керек. Егер бастығымыздан бір сағатқа сұранып, шаруамызды бітіру керек болғанда уақытымызда не үшін тиімді пайдаланамыз?! Себебі уақыт шектеулі. Сол секілді бізге Аллаһ Тағала берген уақыт шектеулі. Уақытымыздын шегі мүмкін бүгін немесе келер бір күн.

Алланы еске алу

Әдетте адам баласы Аллаһ Тағаланы ұмытқан сәттен бастап, жаны жәй таппай мазасызданып бастайды. Жаны жәй табу үшін бос нәрселермен шұғылданады. Құран Кәрімде: «Естеріңде болсын,  Аллаһты еске алумен жүректер жай табады»,  деп баян  етілген. (Рағыд, 28).  Әбу Мұсадан р.а. жеткен хадисте Аллаһ елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Аллаһты еске алушылар мен Оны еске алмаушылардың мысалын былай деп келтіреді: «Аллаһты зікір етушілер мен Оны зікір етпейтіндердің мысалы тірі мен өліге ұқсайды». Расында бос уақыт өткізу, өмірді бос өткізу. Өмірді бос өткізу Аллаһтын берген нығметтері мен мүмкіндіктерінен құр алақан қалу.

Жоспар құру

Жоспарсыз жасалған жұмыс, бағытсыз шыққан сапардай. Жоспар құру шаруанызды реттеп, ісінізді берекелі етеді. Құран аяттарынан «Юсуф айтты: «Жеті жыл ұдайы егін егесіңдер де сонда орған астықтан аздап бастырып алып, қалғанын сабағымен қоясыңдар (бұзылмас үшін). Ал содан кейін жеті жыл қуаңшылық болады, (сонда) бұрынғы жинаған астықтарыңды жейсіңдер, аз мөлшердегісін ғана (ұрыққа) сақтайсыңдар. Оның артынан жаңбыр мол жауатын жылдар келіп, адамдар жеміс шырынын сауатын болады» деді». Маңызды мен аса маңыздының арасын ажыратып алу. Намазды жоспарынызға қарап емес, жоспарымызды намаз уақытымен есептеу керек

Сөзіміздін соның бір әңгімеммен аяқтайын. Бірде бір патша халық арасындағы бір кісінің еңбегіне разы болып сыйақы сыйламақ болады. Патша алтын сақталған қойманың ішінде бір сағат болып, өзіне қажетті мөлшерде ал деп бұйырады. Бұрын мұндай байлықты көрмеген жігіт әрбір әшеке       йді ұстап тапсана жүреді. Кейін сәл мызғамақ ниетпен жатып демалмақ болады. Себебі оның уақыты әлі көп еді. Бір мезетте күзетшілер келіп уақыттын аяқталғаның айтып, сыртқа алып кетеді. Расында уақытым бар деп кейінге қалдырып жүргенде ешқандай алтын ала алмады. Хазіреті Әли (р.а.): «Уақытпен жақұтқа қол жеткізуге болады, бірақ жақұтпен уақытқа қол жеткізе алмайсыз»; деген.

Осыларға аса мән берер болсақ онда жұмысымыз өрге жүзеді. Уақытымыз тиімді болады.

 Әлмисақтан барзаққа барар жолда жолымыз оң болсын! Аллаһ Тағала өмірізмізге берекет берсін!!!.

Искалиев Талғат Мұратұлы

РАНТ мүшесі

«Орал медресе колледж» ЖМ директоры