Мақалалар
بسم الله الرحمن الرحيم
Ережеп айы – рухани дайындық айы
Ережеп – Рамазанның ережесіне етін үйрену үшін дайындық айы болып саналады. Дайындалмаған астын дәмі болмаған секілді, дайындалмаған істің сәніде болмайды. Сондықтан шығар Ережепті желге, Шағбанды бұлтқа, Рамазанды жаңбырға ұқсатады. Ережебінде егінің салынбаса, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда жемісін жеу арман болады. Өзгені көріп қызығарсыз, қызғанарсыз, бірақ, ол сезген дәмді сезіне алмасыныз аңық. Өзге айлардан ерекшеленіп тұрған Ережептің не ерекшелігі бар?!
Атауының өзі бұл айды ерекшелеп тұр. Себебі «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Қасиетті Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар», – делінген («Тәубе» сүресі, 36-аят). Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ережеп айлары Құранда келген төрт харам айлар. Харам деген сөз санамызға тыйым салынған Алланың бұйрықтары еске түсіпте тұрған шығар. Бірақ кейбір кезде харам үлкен құрметті, қадірлілікті де сипаттайтын кездері де болады. Қарапайым ғана мысал, қасиетті Қағба ораналасқан Мекке қаласындағы мешіт, Ал-Харам мешіті болып аталуы. Бұл атаудағы «Харам» сөзі құрметтілігін айқындап тұр. Тіпті бұл айларда қан төгіп,соғысуға тыйым салынған.
Ережеп айында елеулі оқиғаларда орын алған Нұх пайғамбардын қауымына топан су келгенде, Алланың әмірімен жасатқан кемеге қадам басқан ай. Пайғамабарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең алғаш уахи түскен ай.
Дұғамыз қабыл болмай қалды деп қайғырып жүрсеніз, онда осы айдын алғашқы түні дұғалар қайтарылмайтын түн екен. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері»,– деген (Ибн Асакир).
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында ораза ұстайтын болған. Жоғарыда айтқанымыздай Ережеп – Рамазанның ережесіне етін үйрену үшін деген сөзіміз түсінікті болған шығар. Себебі жәннатта суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзен бар. Ол Ережеп деп аталады. Бұл мөлдір бұлақтан тек Ережеп айында ораза ұстағандар ғана ішеді екен. Алайда бұл айда ораза тұту, тұтпау әркімнің өз еркі.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) харам айларға ерекше көңіл бөлетін, оны қалай өткізу керектігі жөнінде сахабаларға кеңес айтып отыратын. Ережеп айы басталған кезде: «Уа, Алла! Ережеп және шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» (Бәйһақи) – деп дұға оқитын болған. Ендеше баршамызға Алла Тағала осы айдын берекесін беріп, Рамазанда Алланың разылығына ие болуды нәсіп етсін!!!
Искалиев Талғат Мұратұлы
«Орал медресе колледж» ЖМ директоры
Тәуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты. Бұл тек саяси дербестік емес, рухани жаңғырудың бастауы, ұлттың өзін-өзі тануы мен болашағын айқындауы. Қазақ халқы үшін тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің жемісі, ұлттық рухтың қайта түлеуінің символы. Қазақ тарихы еркіндік үшін күреске толы. Әз-Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», Абылайдың бірлік пен азаттық жолындағы саясаты, Кенесарының отаршылдыққа қарсы көтерілісі – бәрі де ұлттың рухын сақтау үшін жасалған қадамдар еді. Кеңес дәуірінде қазақ халқы ұлт ретінде жоғалудың аз-ақ алдында тұрды. Тілі шектеліп, діні тұншықтырылып, тарихы ұмыт бола жаздады. Алайда халықтың рухы ешқашан өшкен жоқ. Желтоқсан көтерілісі осы рухтың қайта жаңғырғанын көрсетті. 1991 жылы тәуелсіздік туы желбіреп, қазақ халқы өз тағдырының қожайынына айналды.
Ұлттық рухтың түлеуі үш негізгі тірекке бөлініп қарастырылады:
- Тіл
Тәуелсіздікпен бірге ана тілімізге еркіндік келді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, оны дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Тіл арқылы ұлттың мәдениеті мен болмысы сақталады. Алайда бүгінгі таңда қазақ тілінің толыққанды қолданысқа енуі – біздің алдымыздағы ең үлкен міндет.
- Дін
Дін – ұлттың рухани тірегі. Кеңес дәуіріндегі қысымнан кейін тәуелсіздік дінге еркіндік әкелді. Халық мешіттерге қайта оралып, азан үні жаңғырды. Ислам діні қазақ халқының рухани құндылықтарының негізі ретінде қайта орнықты. Рухани жаңғыру арқылы қоғамда бейбітшілік пен ынтымақ орнай түсті.
- Мәдениет пен тарих
Тәуелсіздік жылдары ұмыт болған тарихи тұлғаларымыз бен оқиғаларымыз қайта жаңғырды. Қазақ хандарының есімдері ұлықталып, Алаш қайраткерлерінің еңбектері халқымен қауышты. Этнографиялық мұралар, ұлттық өнер мен әдебиет қайта дамып, жаңа белестерге көтерілді.
Тәуелсіздік – ұлттық рухтың тірілуі, жаңа биіктерге ұмтылу дәуірі. Тіл мен дін, мәдениет пен тарих – бәрі де тәуелсіздіктің арқасында қайта жаңғырды. Бұл құндылықтарды сақтау – әрбір қазақтың қасиетті парызы. Ұрпақтарымыздың бойында ұлттық рух пен тәуелсіздікке деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, болашаққа нық қадам басуымыз керек.
Орал медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы: Б.С. Бектияров
Бұл исламдық шақырудың алғашқы күндері еді. Меккелік мүшриктер Даруннадуада (Құрайыш мүшіріктерінің мәжіліске жиылатын орны) хақ діннің күннен-күнге өркендеуіне тосқауыл қою үшін бас қосып жиналып жатты. Басқа бір күні Құрайыш басшылары осында жиналып, мүміндерге қарсы қандай қитұрықы шаралар қолданатындықтарын айтып жатты. Кездесу барысында біреу Умайя б. Халәф деген қатыгез мүшрікке келіп: «Білесің бе, сенің сүйікті құлың бар еді ғой! Сонымен ол Мұхаммедтің дініне кірді» - деп имандылықпен құрметтелген Умайяның құлына шағымданады. Құл иесінің рұқсатынсыз ата-баба дінін қалай өзгертеді?- деп Умайя ашуланып тура үйіне кетті. Иман келтірген құл қожайынының ашудан қызарып кеткенін көргенде, жасыратын ештеңесі қалмады. Қожайыны ашуланып жынды болып: «Естігенім рас па? Мұхаммедке (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) түннің қараңғысында, күндіз түс кезінде барасың ба? Сен де оның дінін қабылдадың ба? Маған жауап бер! Құрайыш дінін тастап, Ләт пен Уззаны жоққа шығардың ба? — деп сұрайды. Хазіреті Біләл р.а.: «Шамасы, мен туралы біраз ақпарат сізге жеткен сияқты. Иә, мен мұсылман болдым. Мен Мұхаммедтің Алладан әкелгенінің бәрін қабылдадым» - деп жауап берді. Сонда Умайя: «Шүкірлік қылмаған екенсің! Сен мұндай емес едің. Саған не болды? Сен саусақтарымнан да бетер маған бойынсұнушы едің! Қара! Мен саған ең дәмді тамақ беріп, ең әдемі және қымбат көйлектерді кигізген едім. Сен бүгін маған қарсы шықтың!» - дегенде, Оған: «Иә, мен сенің құлыңмын, тұтқыныңмын, қызметшіңмін. Мен бұны жоққа шығармаймын. Бірақ сен менің ойымның, сенімімнің, иманымның иесі емессің. «Мен Мұхаммедке түннің қараңғысында және күннің ыстығында бардым, тағы да барамын». Ол өзінің мұсылмандық болмысын иесіне өзіне не болатынын біле тұра қарсы жауап берді. Бұл қара құл үшін енді ештеңе ешқашан бұрынғыдай болмады. Осы мойындауынан кейін оны қиын да ауыр күндер, қатыгездік пен азапқа толы уақыттар күтіп тұрды.
Құрайыштардың айдауымен мүшріктер, әсіресе оның иесі оны күнде Меккенің түскі аптап ыстығында кейде ыстық құмның үстіне, кейде ыстықтан шоққа айналған тастардың үстіне шалқасынан жатқызып, үстіне ауыр тастар қояды. Олар бұл сабырлы құлдан Исламды тастап, пұттарға иман етуді талап етті. Дегенмен, ол үнемі «Тілім оларды айта алмайды» деп айтатын. (Ибн Са'д, Табақат, 3:213) Әбден ызаланып, мейірімсіз болған мүшріктер азаптың дозасын күннен-күнге арттырып, бұл мазлұмның азаптан ыңылдауына бей-жай қарап тұрды. Уақыт өте Құрайыштар бұл қара құлдың ыңырсығанын да сезбей, азаптарын арттыра берді. Оның денесіне үздіксіз соғылған әрбір қамшының дыбысы Меккенің басқа аудандарына да естілді. Мүшріктер оны азаптан қажытып, әлсіреткен соң, оның мойнына арқан салып, не болып жатқанына бейхабар, өздері жалдаған меккелік балаларға тапсырып, Мекке көшелерін аралатып қояды. Алайда, осылай мазақ етсе де, иманның ләззатын өзегіне дейін сезінген бұл қадірлі құл: «Алла бір» деп қана айтты. Сабыр мен табандылықтың үлгісі болған, басына түскен азап пен зұлымдықтың түр-түріне «Ахад» (Алла тек!) деп жауап берген бұл қара құлдың есімі Біләл б. Рабах (Алла оған разы болсын!). Пайғамбарлықтан 30 жыл бұрын дүниеге келген және Хабаши (эфиопиялық) лақап атымен танымал болған Біләл Меккеде Хабашистандық құл болып дүниеге келген (Ибн Хишам, Сиратун нәбәуияһ, 1:344). Мұсылман болғанға дейін қожайыны Біләлді басқа құлдарынан ерекше көріп, оған азат адамдай қарайтын. Дауысы өте әдемі болғандықтан, той-тұмалақтарға ертіп жүретін. Сөйтіп, уақыт өте Біләл тойларда сұранысқа ие болған. Оның әсем де әсерлі дауысына жұртшылық риза болып айтқан әндері тоқтатпауын қалаған.
Біләл – Исламды қабылдаудың құны өте қиын болған уақытта Меккеде сенімін ашық жариялаған алғашқы жеті адамның бірі (Әбу Нуайм, Хилиату’л-әулия, 1:149). Әбу Бәкір (р.а.) Біләлға мұсылман емес, еңбекке жарамды қара құлды айырбастап, оны осы қатыгез мушріктің қолынан құтқарып, азат етті. Осы оқиғаға тоқталған Омар (р.а.) анда-санда: «Әбубәкір – біздің қожайынымыз, ол біздің қожайынмызды (Біләлді) азат етті» - деп айтатын еді. (Ибн Са'д, Табақат, 3:213). Таң азандарында, ұйқының ең тәтті сәттерінде айтылатын «Намаз ұйқыдан хайырлы» - сөзі Біләлдің өтініші еді. Бір күні таң уақыты келгенін хабарлау үшін Алла елшісінің (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) есігіне келгенде, Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) сәл беймаза екенін көрген Біләл даусын сәл көтеріп, екі рет «әс-Сәләту хайрун минән-нәум» деп шақырды. Бұл сөз Алла елшісіне ұнап, оған: «Уа, Біләл! Бұл қандай әдемі сөз! Сен таңғы азанды айтқан кезде үнемі осылай айтасың ба? деді (Ибн Мәджа, Китабул-Азан, 3). Сол күннен бастап бұл сөз таң намазының бір бөлігі болды. Бастапқыда араб емес Біләлдің кейбір сөздерді айта алмайтындығы білінген. Осы орайда кейбір сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Өздеріңіз білетіндей, Біләл араб емес. Сол себепті әріптерді дұрыс айта алмайды. «Қараңызшы, «әшһәду» деп айтудың орнына «әсһәду» дейді. Көрдіңіз бе, оның тілі азанға келмейді»- деп айтып, олар Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) шағымданады. Сонда Алла Елшісі: «Біләлді маған қалдыр. Біз оның «әсһәду» -ін «әшһәду» деп қабылдадық». Біләлдің оқығанын айтып растады, сол күннен бері бұл туралы ешқандай шағым түспеді.
Алла елшісі Меккені азат еткен күні Біләлге Қағбаның төбесіне шығып, азан айтуды бұйырады. Біләл кешеге дейін «Ахад» дегені үшін азапталып, қысым көрген Меккеде таухид сөздерін азан арқылы Меккеге ашық және ең қасиетті орында айтты. Меккелік мүшріктердің бұл жағдайды ашумен қарауларына тура келді. Алла елшісі оны «азаншылардың мырзасы» деп сипаттап: «Біләл қандай жақсы адам», - деді. (Әбу Ну'айм, Хилиәтул-әулиә, 1:147) Біләл кішіпейіл болуымен де ерекшеленді. Пайғамбардың Біләлді қатты жақсы көретінін, кейде оның қолынан алып, бірге жүретінін көргендер пайғамбардың азаншысына келіп, оның қаншалықты қадірлі екенін айтқанда, Біләл басын төмен түсіріп, көз жасымен өзін былай сипаттайды: «Мен жай ғана Абиссиндікпін (Хабашстандық), мен кешеге дейін құл болдым». (Ибн Сағд, Табақат, 3:219) Азаншылардың мырзасы Біләл он жыл үзіліссіз Пайғамбар мешітінде болды. Пайғамбарымыздың дәл қасында отты дауыспен күллі Мәдинаға азан айтты. Қала аспанында жаңғырған әрбір азан үшін Алла Елшісімен бірге ерекше естеліктер қалдырды. Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) қайтыс болғаннан кейін Біләл қайта азан айта алмағаны да осы себептен болса керек. Тіпті Хз. Білал Мәдинада тұруға шыдай алмады, бұл оған Пайғамбарды еске түсірді. Бірге жүрген Пайғамбар қаласының көшелері Алла Елшісінсіз ол үшін тым тар еді. Белгілі болғандай, Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) өмірден озар алдында сырқат кезінде сахабаларына имам боп Әбу Бәкір р.а. намаз өткізді. Осы кезде Біләл ащы да азан айтты. Алла елшісінің әлі тірі болуы оның азан айтуға күш табуына мүмкіндік берді. Мәдинаны мұң бұлттары басып, Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) дүниеден өтті. Намаз уақыты жақындап қалды. Баршаның назары азан айтуға дәрмені жетпеген Біләлде болды. Сахабалардың қоймай талап етуінімен пайғамбардың азаншысы азан шақыратын жерге қайғырып жетіп, түскі азанды айта бастады. Бірақ, «Әшһәду әннә Мухаммәден Расулуллаһ...» дегенде бұл сөздер тамағына қадалып қалды. Ол жылап жіберді. Көзіне жас алып, азанды әрең аяқтады. Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!): «Кел, Біләл! Азан шақыр да, бізді жұбат!». (Әбу Дәуіт, Әдеб, 78) -деп азан айтуын өтініп, жүгіріп барып қуанып азан айтатын кезеңі енді бітті. Біләлдің жылағанын көрген Мәдиналықтар көз жасын тыя алмады. Омар (р.а.) тұсында Шамға қоныстанды. Біләл бір түнде түсінде Алла елшісін көреді. Сағынған Алла елшісі: «Біләл, мені зиярат етіп келмейсің бе?», – дегенде ұйқысынан дереу оянды. Ол дереу Мәдинаға жол тартты. Тікелей Пайғамбардың қабірін зиярат етті. Рауза-и Мутаххараны жүзімен сипап, Мәдинада Алла Елшісімен бірге өткізген күндерін еске алып, көзіне жас алды. Хз. Біләлді көрген Алла елшісінің сүйікті немерелері Хз. Хасан мен Хусейн оны құшақтап, сағыныштарының орнын толтырды. Пайғамбар азаншысына: «Біз сенің азаныңды аңсап жатырмыз!» - деді. Азан айтуды сұрағанда, Біләл шыдай алмай, жылдар өткен соң таң намазында азан айта бастады. Пайғамбар мешітінде Біләлдің әуенімен көтерілген азан дауысын естіген сахабалар бір орында тұра алмады. Барлығы Мәдина көшелеріне шықты. Көңілдері көтерілген Мәдиналықтар мешітке қарай жүгірді. Алла елшісі Біләлге азан айттырғанындай болды. Ол күндн Мәдиналықтар тура Алла Елшісінің араларында өмір сүрген күндер сияқты сезінді. Пайғамбарды және оның өмір сүрген дәуірін еске түсіретін бұл азанмен барлық сахабалар көз жасына ерік берді (Ибнул-Әсир, Усду'л-ғобә, 130). Бұл Біләлдің соңғы азаны еді. Азан дегенде ойға алғаш рет күшті иманымен адам төзгісіз азаптарға ұшырап, әлемге иманның ақысын төлеуді үйреткен Біләл Хабаши 63 жасында Дамаскіде дүниеден өтті. Оның денесі Бабуссағир зиратында жерленген (Ибну Абдил бәрр, әл-Исти‘аб, 179).
Махмет Серік Сағатұлы – «Орал медресе колледжі» ЖМ ұстазы
Отан деген сөз бәріміз таныс сөз. Теледидардан естідік, әлеуметтік желіден, әртүрлі жерден естіп, көріп жүрміз. Өзегінді өртер бір түсінікті бастау алып келе жатқаның байқаймын кейде. Қандай дейсіз бе?! Онда соңына дейін оқыныз келісерсіз, бәлкім келіспессіз ол сіздің пікірініз. «Отанға қызмет ету тек арнайы қызметкерлердін ғана міндеті» деген түсінік қалып тасып келе жатыр қоғамда. Ал расымен отан үшін күйіп жаңу тек арнайы мамандар үшін қажет пе?!
Бірінші отан деген сөзге тоқталайықшы. Қазақтың «отбасы» деген сөзінің өзі отанның бастауы деген сөзді меңзеп тұрғандай. Отан ол деген Жаратқанның жарылқап берген кең байтақ жері ғана емес. Ол отбасын, бауырын, тума-туысын. Отанның жақсы көру барша адамға тән табиғи құбылыс. Бірақ қасындағы таудың биік шыңы білінбес демекші бөтен мемлекетте болып көрмеген соң шығар селқостыққа салынып жүргеніміз. Атам қазақ имансыздан қорық деген сөзін енді түсінген дейміз. Расында отанды сүю иманнан екен ғой. Әйтпесе жерін дірілдеген кезде көмек сұраған тумана таксидің бағасын көтерерме еді?! Өгей жұрт пана іздеп келген де өз бауырын сыртқа теберме еді?! Еліне індет келгенде беттері бүлік етпей, бетперденің бағасын көтерерме еді?! Енді айтынызшы осы иманды адамның тірлігі ме?!
Иман деген расында бәріне бірдей беріле бермейтін үлкен нығмет. Ал иман деген не?! Хакім Абай он үшінші қара сөзінде иман турасында: «Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ», – деп анықтама берген.
Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахидың алғашқы кезеңінен бастап, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы мен бірлігіне аса маңыз берген. Араздасқан адамдар болса, бірден татуластырып, өзара кешірімде болуды насихаттаған. Өйткен бірлік – кез-келген қоғамның тірегі. Хадис шәріпте:
لاَ تَبَاغَضُوا وَلَا تَحَاسَدُوا وَلاَ تَدَابَرُوا وَكُونُوا عِبَادَ اللهِ إِخْوَانًا وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يُهَاجِرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ
«Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе көре алмаушылық жасамаңдар, бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар! Мұсылманның өз бауырына үш күннен артық ренжуіне рұқсат жоқ», – деп, ынтымақ пен бірлікке шақырған (имам Бұхари, Мүслим).
Бүгінде бір елдін шаңырағын ортасынан түсіру үшін ең бірінші осы иманына айырып, азғындыққа бағыттау белең алып тұрғаны байқалады. Адами құндылықтан айырып, надани құндылыққа бағыттамақ. Қалам ұстар бала мойнына иттің қарғыс бауын тағып жүргенің көргенде айтар сөз таппассыз. Ал біз болсақ тек арнайы сала мамандары қайда қарап отыр деп отыра береміз. Отанымыздың қазаны ортасынан түспесін десеніз. Өзінізді және отбасынызды имани тәрбиемен ұстаған дұрыс. Кешегі ұят болады, обал болады деген дана қазақ оңашада да опасыздық жасамайтын. Себебі олар ең бірінші Алладан ұялатын және қорқатын. Отанымыздын жақсарғаны керек болса ең бірінші өзімізден бастайық. Себебі отан – ортақ ұғым.
«Орал медресе колледж» ЖМ директоры
Искалиев Талғат
Барлық мақтау жоқтан бар еткен Аллаһ Тағалаға, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Уақыт өміріміздін баға жетпес байлықтарының бірі. Халық арасында “қайта оралмайтын үш нәрсе бар:уақыт,сөз,мүмкіндік” деген сөз кеңінен таралған. Хазіреті Омар (р.а.): «Төрт нәрсе кері қайтарылмайды: атылған оқ, жұмсалған ақша, қолға түскен мүмкіндік және өткен уақыт». Аллаһ Тағала уақытпен серт беруінің өзі жай емес. Фахруддин Рази есімді ғалым “Асыр” сүресін былай тәпсірлейді: «Уақытты пайдалану тұрғысынан адам зиянға ұшырайды. Бұл зияннан құтыла алмайды. Ал, зиянға ұшырау деген сөз – жемісінен айырылу. Адамның жемісі – оның өмірі. Ал, өмірін босқа өткізбеген сәті тым аз. Өмірдің әрбір секунды оның ғұмырын азайтады. Егер адам өмірін күнәлармен өткізсе, үлкен зиянға ұшырайды. Ал, жақсы да ізгі амал жасау мүмкіндігі бола тұра, мүбах амалмен шектелсе, онда да зиянға ұшырайды». Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт». Дана халқымыз судын да сұрауы бар дегендей уақыт атты нығметтін сұрауы да болады. Махшар алаңында әрбір адамның амал дәптері өздеріне таратылған соң, Алла Тағала пенделерінен жеке-жеке есеп алады. Хазіреті Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатынын айтады:
- Өмірін қайда өткізгендігі.
- Жастық шағын қалай өткізгендігі.
- Мал-дүниесін қандай жолмен тапқандығы.
- Мал-дүниесін қалай жұмсағандығы.
- Білгендерімен амал етіп-етпегендігі.
Уақытты тиімді пайдалана білу үшін оның маңыздылығын ұғыну керек. Адам деген сөздін мағынасын білдіретін нәәс (ناس) сөзі ұмытушы деген сөзді де білдіреді. Себебі біз нығметтердін Аллаһтан екенің ұмытқан сәттен бастап, қадірін құртып, мәнің жоғалтамыз. Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт».
Уақытты тиімді пайдалану үшін төмендегідей нәрселерге баса назар аударған жөн.
Өлімді жиі еске алу
Дүние нығметін сұрасаң Исламнан артық нығмет жоқ. Шұғылданатын іс сұрасаң, ғибадаттан артық амал жоқ. Ғибрат боларлық нәрсе сұрасаң өлімнен асқан ғибрат жоқ.
Әли (Оған Алла разы болсын)
Көптеген жіберетін қателігіміз біз үшін уақыт шектеуі жоқ нығметтей көрінеді. Расында уақыттында таусылатының және одан сұралатынымызды ұмытпауымыз керек. Егер бастығымыздан бір сағатқа сұранып, шаруамызды бітіру керек болғанда уақытымызда не үшін тиімді пайдаланамыз?! Себебі уақыт шектеулі. Сол секілді бізге Аллаһ Тағала берген уақыт шектеулі. Уақытымыздын шегі мүмкін бүгін немесе келер бір күн.
Алланы еске алу
Әдетте адам баласы Аллаһ Тағаланы ұмытқан сәттен бастап, жаны жәй таппай мазасызданып бастайды. Жаны жәй табу үшін бос нәрселермен шұғылданады. Құран Кәрімде: «Естеріңде болсын, Аллаһты еске алумен жүректер жай табады», деп баян етілген. (Рағыд, 28). Әбу Мұсадан р.а. жеткен хадисте Аллаһ елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Аллаһты еске алушылар мен Оны еске алмаушылардың мысалын былай деп келтіреді: «Аллаһты зікір етушілер мен Оны зікір етпейтіндердің мысалы тірі мен өліге ұқсайды». Расында бос уақыт өткізу, өмірді бос өткізу. Өмірді бос өткізу Аллаһтын берген нығметтері мен мүмкіндіктерінен құр алақан қалу.
Жоспар құру
Жоспарсыз жасалған жұмыс, бағытсыз шыққан сапардай. Жоспар құру шаруанызды реттеп, ісінізді берекелі етеді. Құран аяттарынан «Юсуф айтты: «Жеті жыл ұдайы егін егесіңдер де сонда орған астықтан аздап бастырып алып, қалғанын сабағымен қоясыңдар (бұзылмас үшін). Ал содан кейін жеті жыл қуаңшылық болады, (сонда) бұрынғы жинаған астықтарыңды жейсіңдер, аз мөлшердегісін ғана (ұрыққа) сақтайсыңдар. Оның артынан жаңбыр мол жауатын жылдар келіп, адамдар жеміс шырынын сауатын болады» деді». Маңызды мен аса маңыздының арасын ажыратып алу. Намазды жоспарынызға қарап емес, жоспарымызды намаз уақытымен есептеу керек
Сөзіміздін соның бір әңгімеммен аяқтайын. Бірде бір патша халық арасындағы бір кісінің еңбегіне разы болып сыйақы сыйламақ болады. Патша алтын сақталған қойманың ішінде бір сағат болып, өзіне қажетті мөлшерде ал деп бұйырады. Бұрын мұндай байлықты көрмеген жігіт әрбір әшеке йді ұстап тапсана жүреді. Кейін сәл мызғамақ ниетпен жатып демалмақ болады. Себебі оның уақыты әлі көп еді. Бір мезетте күзетшілер келіп уақыттын аяқталғаның айтып, сыртқа алып кетеді. Расында уақытым бар деп кейінге қалдырып жүргенде ешқандай алтын ала алмады. Хазіреті Әли (р.а.): «Уақытпен жақұтқа қол жеткізуге болады, бірақ жақұтпен уақытқа қол жеткізе алмайсыз»; деген.
Осыларға аса мән берер болсақ онда жұмысымыз өрге жүзеді. Уақытымыз тиімді болады.
Әлмисақтан барзаққа барар жолда жолымыз оң болсын! Аллаһ Тағала өмірізмізге берекет берсін!!!.
Искалиев Талғат Мұратұлы
РАНТ мүшесі
«Орал медресе колледж» ЖМ директоры
«Махабатпен жаратқан адамзатты, сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп Абай бабамыз айтпақшы әуел баста Аллаһ Тағала адам баласын өз рахым мейірімімен жаратқан. Әрбір тіршілік атаулының өз ата – анасының болуы осыған бір дәлел. Бірінің баласы Алланың берген ұлы сыйы болса, ата – анамыздын бар болуыда Жаратқанның бергені үлкен сыйы. Бірі Алланың берген сыйынан ерте айырылса, бірі кеш айырылары. Көзі тірісінде ата – ананы құрметтеу Жаратқанның жарлығымен қуатталған. Қалай дейсізбе?! Құранда «Ниса» сүресінің 36-аятында былай дейді:
وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا
«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар». Бұл аз десеңіз «Исра» сүресінің 23-аятында былай деп айқын әмір етеді:
وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚإِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
Пайғамбарымыз ﷺ өз хадис шарифінде:
رِضَا اللهِ فِي رِضا الوَالِدِ ، وَسَخَطُ اللهِ فِي سَخَطِ الْوَالِدِ
«Алланың разылығы ата-ананың разылығында,Алланың ашуы ата-ананың ашуында» дегендей атаның разылығын алу иісі мұсылман қауымына құр нәрсе емес.
Ойымызды көне түркінің бір әңгімесімен тоғытсам. Бірде бір түркі басшысы көшін жинап көшкелі жатады. Кәрілік жеткен анасының көзі көрмей, денсаулығы әбден нашарларған. Анасын жолда артық жүк санаған түркі басшысын анасын тастап кете барады. Көш ілгері кеткен соң күймедегі отбасының жағдайын білмек болып басын сұқса керуенде тек әйелін ғана көріп, бауыр еті баласын байқамайды. Сонда түркі басы:
- Бәйбіше бала қайда? – деп сұрады. Сонда бәйбіше:
- Бала әкесінің ізін жалғары сөзсіз. Қуатым кетіп, кәрілік жеткен шағымда айдалаға тастар баланың маған қажеті жоқ. Сол себепті әжесімен қалдырдым. – деді. Бұны естіген түркі басы аттың басы кері тартып, бар екпінімен шауып, көшкен жеріне дереу жетеді. Сөйтсе қолына қалын таяқ ұстап, қасқырлардың ортасында:
- Бұл менің баламның тұяғы. Мен сендерге бермеймін! – деп немересін бір қолымен бауырына басып, бір қолымен таяқты әрі-бері сермеп айқалап тұр екен. Бұны көрген түркі басшысы дереу қасқырларды қуып, баласы мен анасын бауырына басып, еңкілдеп жылай жөңелген екен. Содан бері анасын қатты құрметтеген екен дейді.
Қағбағы жаяу арқалап апарсада ананның бір толғағын өтеген болып саналмайды. Тоғыз ай көтеріп толғату тілге жеңіл болғанмен тіршілікте оңай емес. Күллі әлеммен жаулассанда сенің жақтап, жыртығын жамар жан болса, ол әрине ата-ана. Жамандыққа қимайтын, тек жақсылық ойлайтын, ол ата-ана. «Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсін» дейді дана бабамыз. Бірақ, сен әке немесе шеше болғанда олар марқұм болмаса кім кепіл?! Ішінде орыны толмас өкініш, таусылмайтын сағыныш қалмай ма?!
Искалиев Талғат Мұратұлы