Отан деген сөз бәріміз таныс сөз. Теледидардан естідік, әлеуметтік желіден, әртүрлі жерден естіп, көріп жүрміз. Өзегінді өртер бір түсінікті бастау алып келе жатқаның байқаймын кейде. Қандай дейсіз бе?! Онда соңына дейін оқыныз келісерсіз, бәлкім келіспессіз ол сіздің пікірініз. «Отанға қызмет ету тек арнайы қызметкерлердін ғана міндеті» деген түсінік қалып тасып келе жатыр қоғамда. Ал расымен отан үшін күйіп жаңу тек арнайы мамандар үшін қажет пе?!
Бірінші отан деген сөзге тоқталайықшы. Қазақтың «отбасы» деген сөзінің өзі отанның бастауы деген сөзді меңзеп тұрғандай. Отан ол деген Жаратқанның жарылқап берген кең байтақ жері ғана емес. Ол отбасын, бауырын, тума-туысын. Отанның жақсы көру барша адамға тән табиғи құбылыс. Бірақ қасындағы таудың биік шыңы білінбес демекші бөтен мемлекетте болып көрмеген соң шығар селқостыққа салынып жүргеніміз. Атам қазақ имансыздан қорық деген сөзін енді түсінген дейміз. Расында отанды сүю иманнан екен ғой. Әйтпесе жерін дірілдеген кезде көмек сұраған тумана таксидің бағасын көтерерме еді?! Өгей жұрт пана іздеп келген де өз бауырын сыртқа теберме еді?! Еліне індет келгенде беттері бүлік етпей, бетперденің бағасын көтерерме еді?! Енді айтынызшы осы иманды адамның тірлігі ме?!
Иман деген расында бәріне бірдей беріле бермейтін үлкен нығмет. Ал иман деген не?! Хакім Абай он үшінші қара сөзінде иман турасында: «Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ», – деп анықтама берген.
Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахидың алғашқы кезеңінен бастап, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы мен бірлігіне аса маңыз берген. Араздасқан адамдар болса, бірден татуластырып, өзара кешірімде болуды насихаттаған. Өйткен бірлік – кез-келген қоғамның тірегі. Хадис шәріпте:
لاَ تَبَاغَضُوا وَلَا تَحَاسَدُوا وَلاَ تَدَابَرُوا وَكُونُوا عِبَادَ اللهِ إِخْوَانًا وَلَا يَحِلُّ لِمُسْلِمٍ أَنْ يُهَاجِرَ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ
«Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе көре алмаушылық жасамаңдар, бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар! Мұсылманның өз бауырына үш күннен артық ренжуіне рұқсат жоқ», – деп, ынтымақ пен бірлікке шақырған (имам Бұхари, Мүслим).
Бүгінде бір елдін шаңырағын ортасынан түсіру үшін ең бірінші осы иманына айырып, азғындыққа бағыттау белең алып тұрғаны байқалады. Адами құндылықтан айырып, надани құндылыққа бағыттамақ. Қалам ұстар бала мойнына иттің қарғыс бауын тағып жүргенің көргенде айтар сөз таппассыз. Ал біз болсақ тек арнайы сала мамандары қайда қарап отыр деп отыра береміз. Отанымыздың қазаны ортасынан түспесін десеніз. Өзінізді және отбасынызды имани тәрбиемен ұстаған дұрыс. Кешегі ұят болады, обал болады деген дана қазақ оңашада да опасыздық жасамайтын. Себебі олар ең бірінші Алладан ұялатын және қорқатын. Отанымыздын жақсарғаны керек болса ең бірінші өзімізден бастайық. Себебі отан – ортақ ұғым.
«Орал медресе колледж» ЖМ директоры
Искалиев Талғат