Бұл исламдық шақырудың алғашқы күндері еді. Меккелік мүшриктер Даруннадуада (Құрайыш мүшіріктерінің мәжіліске жиылатын орны) хақ діннің күннен-күнге өркендеуіне тосқауыл қою үшін бас қосып жиналып жатты. Басқа бір күні Құрайыш басшылары осында жиналып, мүміндерге қарсы қандай қитұрықы шаралар қолданатындықтарын айтып жатты. Кездесу барысында біреу Умайя б. Халәф деген қатыгез мүшрікке келіп: «Білесің бе, сенің сүйікті құлың бар еді ғой! Сонымен ол Мұхаммедтің дініне кірді» - деп имандылықпен құрметтелген Умайяның құлына шағымданады. Құл иесінің рұқсатынсыз ата-баба дінін қалай өзгертеді?- деп Умайя ашуланып тура үйіне кетті. Иман келтірген құл қожайынының ашудан қызарып кеткенін көргенде, жасыратын ештеңесі қалмады. Қожайыны ашуланып жынды болып: «Естігенім рас па? Мұхаммедке (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) түннің қараңғысында, күндіз түс кезінде барасың ба? Сен де оның дінін қабылдадың ба? Маған жауап бер! Құрайыш дінін тастап, Ләт пен Уззаны жоққа шығардың ба? — деп сұрайды. Хазіреті Біләл р.а.: «Шамасы, мен туралы біраз ақпарат сізге жеткен сияқты. Иә, мен мұсылман болдым. Мен Мұхаммедтің Алладан әкелгенінің бәрін қабылдадым» - деп жауап берді. Сонда Умайя: «Шүкірлік қылмаған екенсің! Сен мұндай емес едің. Саған не болды? Сен саусақтарымнан да бетер маған бойынсұнушы едің! Қара! Мен саған ең дәмді тамақ беріп, ең әдемі және қымбат көйлектерді кигізген едім. Сен бүгін маған қарсы шықтың!» - дегенде, Оған: «Иә, мен сенің құлыңмын, тұтқыныңмын, қызметшіңмін. Мен бұны жоққа шығармаймын. Бірақ сен менің ойымның, сенімімнің, иманымның иесі емессің. «Мен Мұхаммедке түннің қараңғысында және күннің ыстығында бардым, тағы да барамын». Ол өзінің мұсылмандық болмысын иесіне өзіне не болатынын біле тұра қарсы жауап берді. Бұл қара құл үшін енді ештеңе ешқашан бұрынғыдай болмады. Осы мойындауынан кейін оны қиын да ауыр күндер, қатыгездік пен азапқа толы уақыттар күтіп тұрды.

Құрайыштардың айдауымен мүшріктер, әсіресе оның иесі оны күнде Меккенің түскі аптап ыстығында кейде ыстық құмның үстіне, кейде ыстықтан шоққа айналған тастардың үстіне шалқасынан жатқызып, үстіне ауыр тастар қояды. Олар бұл сабырлы құлдан Исламды тастап, пұттарға иман етуді талап етті. Дегенмен, ол үнемі «Тілім оларды айта алмайды» деп айтатын. (Ибн Са'д, Табақат, 3:213) Әбден ызаланып, мейірімсіз болған мүшріктер азаптың дозасын күннен-күнге арттырып, бұл мазлұмның азаптан ыңылдауына бей-жай қарап тұрды. Уақыт өте Құрайыштар бұл қара құлдың ыңырсығанын да сезбей, азаптарын арттыра берді. Оның денесіне үздіксіз соғылған әрбір қамшының дыбысы Меккенің басқа аудандарына да естілді. Мүшріктер оны азаптан қажытып, әлсіреткен соң, оның мойнына арқан салып, не болып жатқанына бейхабар, өздері жалдаған меккелік балаларға тапсырып, Мекке көшелерін аралатып қояды. Алайда, осылай мазақ етсе де, иманның ләззатын өзегіне дейін сезінген бұл қадірлі құл: «Алла бір» деп қана айтты. Сабыр мен табандылықтың үлгісі болған, басына түскен азап пен зұлымдықтың түр-түріне «Ахад» (Алла тек!) деп жауап берген бұл қара құлдың есімі Біләл б. Рабах (Алла оған разы болсын!). Пайғамбарлықтан 30 жыл бұрын дүниеге келген және Хабаши (эфиопиялық) лақап атымен танымал болған Біләл Меккеде Хабашистандық құл болып дүниеге келген (Ибн Хишам, Сиратун нәбәуияһ, 1:344). Мұсылман болғанға дейін қожайыны Біләлді басқа құлдарынан ерекше көріп, оған азат адамдай қарайтын. Дауысы өте әдемі болғандықтан, той-тұмалақтарға ертіп жүретін. Сөйтіп, уақыт өте Біләл тойларда сұранысқа ие болған. Оның әсем де әсерлі дауысына жұртшылық риза болып айтқан әндері тоқтатпауын қалаған.

Біләл – Исламды қабылдаудың құны өте қиын болған уақытта Меккеде сенімін ашық жариялаған алғашқы жеті адамның бірі (Әбу Нуайм, Хилиату’л-әулия, 1:149). Әбу Бәкір (р.а.) Біләлға мұсылман емес, еңбекке жарамды қара құлды айырбастап, оны осы қатыгез мушріктің қолынан құтқарып, азат етті. Осы оқиғаға тоқталған Омар (р.а.) анда-санда: «Әбубәкір – біздің қожайынымыз, ол біздің қожайынмызды (Біләлді) азат етті» - деп айтатын еді. (Ибн Са'д, Табақат, 3:213). Таң азандарында, ұйқының ең тәтті сәттерінде айтылатын «Намаз ұйқыдан хайырлы» - сөзі Біләлдің өтініші еді. Бір күні таң уақыты келгенін хабарлау үшін Алла елшісінің (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) есігіне келгенде, Пайғамбардың (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) сәл беймаза екенін көрген Біләл даусын сәл көтеріп, екі рет «әс-Сәләту хайрун минән-нәум» деп шақырды. Бұл сөз Алла елшісіне ұнап, оған: «Уа, Біләл! Бұл қандай әдемі сөз! Сен таңғы азанды айтқан кезде үнемі осылай айтасың ба? деді (Ибн Мәджа, Китабул-Азан, 3). Сол күннен бастап бұл сөз таң намазының бір бөлігі болды. Бастапқыда араб емес Біләлдің кейбір сөздерді айта алмайтындығы білінген. Осы орайда кейбір сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Өздеріңіз білетіндей, Біләл араб емес. Сол себепті әріптерді дұрыс айта алмайды. «Қараңызшы, «әшһәду» деп айтудың орнына «әсһәду» дейді. Көрдіңіз бе, оның тілі азанға келмейді»- деп айтып, олар Пайғамбарға (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) шағымданады. Сонда Алла Елшісі: «Біләлді маған қалдыр. Біз оның «әсһәду» -ін «әшһәду» деп қабылдадық». Біләлдің оқығанын айтып растады, сол күннен бері бұл туралы ешқандай шағым түспеді.

Алла елшісі Меккені азат еткен күні Біләлге Қағбаның төбесіне шығып, азан айтуды бұйырады. Біләл кешеге дейін «Ахад» дегені үшін азапталып, қысым көрген Меккеде таухид сөздерін азан арқылы Меккеге ашық және ең қасиетті орында айтты. Меккелік мүшріктердің бұл жағдайды ашумен қарауларына тура келді. Алла елшісі оны «азаншылардың мырзасы» деп сипаттап: «Біләл қандай жақсы адам», - деді. (Әбу Ну'айм, Хилиәтул-әулиә, 1:147) Біләл кішіпейіл болуымен де ерекшеленді. Пайғамбардың Біләлді қатты жақсы көретінін, кейде оның қолынан алып, бірге жүретінін көргендер пайғамбардың азаншысына келіп, оның қаншалықты қадірлі екенін айтқанда, Біләл басын төмен түсіріп, көз жасымен өзін былай сипаттайды: «Мен жай ғана Абиссиндікпін (Хабашстандық), мен кешеге дейін құл болдым». (Ибн Сағд, Табақат, 3:219) Азаншылардың мырзасы Біләл он жыл үзіліссіз Пайғамбар мешітінде болды. Пайғамбарымыздың дәл қасында отты дауыспен күллі Мәдинаға азан айтты. Қала аспанында жаңғырған әрбір азан үшін Алла Елшісімен бірге ерекше естеліктер қалдырды. Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) қайтыс болғаннан кейін Біләл қайта азан айта алмағаны да осы себептен болса керек. Тіпті Хз. Білал Мәдинада тұруға шыдай алмады, бұл оған Пайғамбарды еске түсірді. Бірге жүрген Пайғамбар қаласының көшелері Алла Елшісінсіз ол үшін тым тар еді. Белгілі болғандай, Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) өмірден озар алдында сырқат кезінде сахабаларына имам боп Әбу Бәкір р.а. намаз өткізді. Осы кезде Біләл ащы да азан айтты. Алла елшісінің әлі тірі болуы оның азан айтуға күш табуына мүмкіндік берді. Мәдинаны мұң бұлттары басып, Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!) дүниеден өтті. Намаз уақыты жақындап қалды. Баршаның назары азан айтуға дәрмені жетпеген Біләлде болды. Сахабалардың қоймай талап етуінімен пайғамбардың азаншысы азан шақыратын жерге қайғырып жетіп, түскі азанды айта бастады. Бірақ, «Әшһәду әннә Мухаммәден Расулуллаһ...» дегенде бұл сөздер тамағына қадалып қалды. Ол жылап жіберді. Көзіне жас алып, азанды әрең аяқтады. Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен салауаты болсын!): «Кел, Біләл! Азан шақыр да, бізді жұбат!». (Әбу Дәуіт, Әдеб, 78) -деп азан айтуын өтініп, жүгіріп барып қуанып азан айтатын кезеңі енді бітті. Біләлдің жылағанын көрген Мәдиналықтар көз жасын тыя алмады. Омар (р.а.) тұсында Шамға қоныстанды. Біләл бір түнде түсінде Алла елшісін көреді. Сағынған Алла елшісі: «Біләл, мені зиярат етіп келмейсің бе?», – дегенде ұйқысынан дереу оянды. Ол дереу Мәдинаға жол тартты. Тікелей Пайғамбардың қабірін зиярат етті. Рауза-и Мутаххараны жүзімен сипап, Мәдинада Алла Елшісімен бірге өткізген күндерін еске алып, көзіне жас алды. Хз. Біләлді көрген Алла елшісінің сүйікті немерелері Хз. Хасан мен Хусейн оны құшақтап, сағыныштарының орнын толтырды. Пайғамбар азаншысына: «Біз сенің азаныңды аңсап жатырмыз!» - деді. Азан айтуды сұрағанда, Біләл шыдай алмай, жылдар өткен соң таң намазында азан айта бастады. Пайғамбар мешітінде Біләлдің әуенімен көтерілген азан дауысын естіген сахабалар бір орында тұра алмады. Барлығы Мәдина көшелеріне шықты. Көңілдері көтерілген Мәдиналықтар мешітке қарай жүгірді. Алла елшісі Біләлге азан айттырғанындай болды. Ол күндн Мәдиналықтар тура Алла Елшісінің араларында өмір сүрген күндер сияқты сезінді. Пайғамбарды және оның өмір сүрген дәуірін еске түсіретін бұл азанмен барлық сахабалар көз жасына ерік берді (Ибнул-Әсир, Усду'л-ғобә, 130). Бұл Біләлдің соңғы азаны еді. Азан дегенде ойға алғаш рет күшті иманымен адам төзгісіз азаптарға ұшырап, әлемге иманның ақысын төлеуді үйреткен Біләл Хабаши 63 жасында Дамаскіде дүниеден өтті. Оның денесі Бабуссағир зиратында жерленген (Ибну Абдил бәрр, әл-Исти‘аб, 179).

 

Махмет Серік Сағатұлы – «Орал медресе колледжі» ЖМ ұстазы