«Махабатпен жаратқан адамзатты, сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп Абай бабамыз айтпақшы әуел баста Аллаһ Тағала адам баласын өз рахым мейірімімен жаратқан. Әрбір тіршілік атаулының өз ата – анасының болуы осыған бір дәлел. Бірінің баласы Алланың берген ұлы сыйы болса, ата – анамыздын бар болуыда Жаратқанның бергені үлкен сыйы. Бірі Алланың берген сыйынан ерте айырылса, бірі кеш айырылары. Көзі тірісінде ата – ананы құрметтеу Жаратқанның жарлығымен қуатталған. Қалай дейсізбе?! Құранда «Ниса» сүресінің 36-аятында былай дейді:
وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا
«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар». Бұл аз десеңіз «Исра» сүресінің 23-аятында былай деп айқын әмір етеді:
وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚإِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
Пайғамбарымыз ﷺ өз хадис шарифінде:
رِضَا اللهِ فِي رِضا الوَالِدِ ، وَسَخَطُ اللهِ فِي سَخَطِ الْوَالِدِ
«Алланың разылығы ата-ананың разылығында,Алланың ашуы ата-ананың ашуында» дегендей атаның разылығын алу иісі мұсылман қауымына құр нәрсе емес.
Ойымызды көне түркінің бір әңгімесімен тоғытсам. Бірде бір түркі басшысы көшін жинап көшкелі жатады. Кәрілік жеткен анасының көзі көрмей, денсаулығы әбден нашарларған. Анасын жолда артық жүк санаған түркі басшысын анасын тастап кете барады. Көш ілгері кеткен соң күймедегі отбасының жағдайын білмек болып басын сұқса керуенде тек әйелін ғана көріп, бауыр еті баласын байқамайды. Сонда түркі басы:
- Бәйбіше бала қайда? – деп сұрады. Сонда бәйбіше:
- Бала әкесінің ізін жалғары сөзсіз. Қуатым кетіп, кәрілік жеткен шағымда айдалаға тастар баланың маған қажеті жоқ. Сол себепті әжесімен қалдырдым. – деді. Бұны естіген түркі басы аттың басы кері тартып, бар екпінімен шауып, көшкен жеріне дереу жетеді. Сөйтсе қолына қалын таяқ ұстап, қасқырлардың ортасында:
- Бұл менің баламның тұяғы. Мен сендерге бермеймін! – деп немересін бір қолымен бауырына басып, бір қолымен таяқты әрі-бері сермеп айқалап тұр екен. Бұны көрген түркі басшысы дереу қасқырларды қуып, баласы мен анасын бауырына басып, еңкілдеп жылай жөңелген екен. Содан бері анасын қатты құрметтеген екен дейді.
Қағбағы жаяу арқалап апарсада ананның бір толғағын өтеген болып саналмайды. Тоғыз ай көтеріп толғату тілге жеңіл болғанмен тіршілікте оңай емес. Күллі әлеммен жаулассанда сенің жақтап, жыртығын жамар жан болса, ол әрине ата-ана. Жамандыққа қимайтын, тек жақсылық ойлайтын, ол ата-ана. «Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсін» дейді дана бабамыз. Бірақ, сен әке немесе шеше болғанда олар марқұм болмаса кім кепіл?! Ішінде орыны толмас өкініш, таусылмайтын сағыныш қалмай ма?!
Искалиев Талғат Мұратұлы